Accessibility links

АҚШ Ресей әскери құрылымдарына санкция салады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ ресейлік ондаған әскери мекеме мен компанияға қарсы санкция салады. Вашингтон оларды АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау жөніндегі заңнамасын бұзды деп айыптайды. Шектеу шаралары туралы ескертпе АҚШ Федералдық реестрінің ресми сайтында жарияланды.

Құжат бойынша, санкция тізіміне 28 ресейлік компания мен мекеме ілінген. Олардың арасында Ресей Бас штабының бас басқармасы (бұрынғы Бас барлау басқармасы) бар.

Санкцияға Ресей әскери мекемелерінен өзге Иран, Солтүстік Корея, Қытай, Египет, Түркия, Сирия мен Біріккен Араб Әмірліктерінің мекемелері мен жеке тұлғалары іліккен. Шектеу салынғандар арасында ливандық "Хезболла" ұйымы, Сирия әскери-әуе күштері мен Иран революциялық гвардиясы бар.

Кеше Ресейдің "Рособоронэкспорт" компаниясына Вашингтонның Иран, Солтүстік Корея және Сирияға қару-жарақ сатпау туралы заңын бұзғаны үшін санкция салынатыны жарияланған.


XS
SM
MD
LG