Accessibility links

Израиль: Голан жоталары зымыранмен атқыланды


Израильдің зымыраннан қорғаныс кешені (Көрнекі сурет).

Израиль армиясы Иран скерін Сирия аумағынан Голан жоталарындағы Израиль армиясы шептерін зымыранмен атқылады деп айыптады. БАҚ Израиль әскери-әуе күштері бұған жауап ретінде зымыран атқанын хабарлады. 10 мамыр күні таңертең Израиль қорғаныс күштері өз шептеріне атылған жиырма шақты зымыран айтарлықтай зардап шектірмегенін, зымыраннан қорғаныс жүйесі "кейбір зымырандарды" қағып түсіргенін мәлімдеді.

Израиль армиясының подполковнигі Джонатан Конрикус бұл зымырандарды "Иран Ислам революциясын қорғау корпусына сыртқы бөлімшесі - "Кудс" күштері атқанын айтты.

"Израиль армиясы Иранның Израильге жасаған бұл шабуылына ерекше назарға алады" деді Конрикус журналистерге. Ол Израиль тарапының бұған жауап қатқаны туралы ақпарат білмейтінін айтты.

Сирияның мемлекетік ақпарат агенттігі 10 мамыр күні таңертең Дамаск маңы Сириядағы басқа да аудандарға ондаған зымыран атылғанын хабарлады. Салдарынан радар құрылғысы қирап, оқ-дәрі қоймасы жойылған.

Израильдің бұл жолы жасаған шабуылы бұған дейін жасалған шабуылдан ауқымы жағынан әлдеқайда асып түседі.

9 мамыр күні Сирия Израильді Дамаскіден шығысқа қарай орналасқан Кисвех ауданындағы Иран әскерилерінің шептерін зымыранмен атқылады деп айыптаған.

Бақылаушылардың мәліметінше, 9 мамырда жасалған соққыдан 15 адам, оның ішінде сегіз ирандық сарбаз оққа ұшқан. Иран Израиль армиясы жасаған шабуылға жауап қайтаруға уәде берді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG