Accessibility links

Астана мен Алматыда саяси тұтқындарды босатуды талап етті


Алматыдағы наразылық акциясы. 10 мамыр, 2018 жыл.

Астана мен Алматыда 10 мамыр күні ондаған адам наразылық танытуға жиналып, саяси тұтқындарға бостандық беруді талап етті.

Оқиға орнынан Азаттық тілшілерінің хабарлауынша, жұрт енді жинала бастағанда полиция үш адамды "Газель" көлігіне күштеп отырғызып алып кетті. Алматыдағы наразылық акциясы Қабанбай батыр мен Панфилов көшелерінің қиылысында болып жатыр.

ТІКЕЛЕЙ ТРАНСЛЯЦИЯ: Астана мен Алматыдағы жиын.

Жиналғандар қолдарына "Саяси тұтқындарға бостандық!", "Азаптауларға жол жоқ!" деген жазуы бар, саяси тұтқындардың суреттері бейнеленген плакаттар ұстап шықты. Наразылар арасында қамауда отырған бизнесмен Ескендір Ерімбетовтің ата-анасы бар.

Бүгін таңертең Алматы мен Астанада бірнеше белсендіні полиция ұстағаны хабарланды. Астаналық белсенді Мақсат Ілиясұлының Facebook-те хабарлауынша, сот Астанада сот шешімімен жабылған "Алаш жолы" қозғалысының жетекшісі Раушан Торбаевты полиция қалалық әкімдікке барған жерінен алып кеткен. Торбаев әкімдікке 21 мамыр күні митинг өткізуге өтініш хат тапсыруға барған.

Құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның Facebook-те жазуынша, бүгін таңертең Астанада полиция белсенді Айдын Егеубаевты алып кеткен.

  • 16x9 Image

    Аян ҚАЛМҰРАТ

     

    Аян Қалмұрат - Азаттықтың Алматы бюросында 2017 жылдан бері тілші. Тұран университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Бұрындары 7kun.kz ақпарат агенттігі мен "Жас Алаш" республикалық қоғамдық-саяси газетінде жұмыс істеген. 

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG