Accessibility links

Астанада наразылық акциясында ондаған адамды полиция ұстады


Астанада полиция арнайы жасағы наразылық митингісіне шыққандарды ұстап әкетіп барады. 10 мамыр 2018 жыл.
Астанада полиция арнайы жасағы наразылық митингісіне шыққандарды ұстап әкетіп барады. 10 мамыр 2018 жыл.

Астанадағы Еуропа елдерінің елшіліктері орналасқан ауданда ондаған адам жиналып, саяси тұтқындарға бостандық беруді талап етіп жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Наразылық акциясына қатысушыларды полиция жасағы қоршауға алып, ондаған адамды автобусқа күштеп мінгізіп ұстап алып кетті.

Азаттық тілшісімен сөйлескен кейбір наразылар Қазақстан билігіне ренішті екенін, қояр талаптары барын білдірді.

Бұған дейін қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов Facebook-те қазақстандықтарды 10 мамыр күні наразылық митингісіне шығуға шақырған. Бұл күні Қазақстанға Еуропа Одағы парламентінің депутаттары келіп, белсенділермен кездесетін болған. Наразылар мұнда Еуропарламент өкілдеріне Қазақстан билігіне деген талаптарын жеткізуді сұрамақ болып келгенін айтты.

Астанадағы наразылық акциясы

XS
SM
MD
LG