Accessibility links

Алматыда митингіге шыққандарды полиция ұстады


Алматыда наразылық митингісіне шыққандарды полиция жасағы ұстап әкетіп барады. Алматы, 10 мамыр 2018 жыл.
Алматыда наразылық митингісіне шыққандарды полиция жасағы ұстап әкетіп барады. Алматы, 10 мамыр 2018 жыл.

Алматыда наразылық акциясына шыққан жетпіске тарта адамды полиция ұстады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Қала орталығындағы Қабанбай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысына жиналған ондаған адам түрмеде қамауда саяси тұтқындарды босатуды, азаптауды тоқтатуды талап етті.

Наразылар жиналып, біртіндеп көбейе бастаған кезде қалалық әкімдік өкілдері оларға митингіні рұқсатсыз өткізіп жатқанын айтып, өз еркімен тарауды сұрады. Жиналғандар билік өкілдерінің талабын орындамаған соң оларды полицейлер күштеп ұстап, полиция микроавтобустарына отырғызып алып кетті. Ұсталғандар арасында әйелдер де бар.

Митингіге Алматыда қамауда отырған бизнесмен, тергеуде өзін "азаптағаны" туралы мәлімдеген Ескендір Ерімбетовтің ата-анасы да шықты.

Митингіге келгендердің көпшілігін полиция ұстап, адам қарасы сирегенде полиция Азаттық тілшісіне комментарий берген тағы бірнеше адамды, оның ішінде жасы үлкен әйел адамдарды да ұстады. Олар Азаттыққа митингіге келгенін және талап-тілегін айтқан.

Оқиға орнында жүрген полиция өкілдері Азаттық тілшісіне азаматтардың не себепті ұсталғаны туралы комментарий беруден бас тартты.

XS
SM
MD
LG