Accessibility links

Оралда митингіден соң екі әйел ұсталды


Митингіге шыққан әйел Бакиза Халелованы полицейлер ұстап әкетіп барады. Орал, 10 мамыр 2018 жыл.

Оралда полиция зейнеткер Майя Лукьянова мен қала тұрғыны Бакиза Халелованы олар "саяси тұтқындарды қолдаған" митингіге қатысқаннан кейін дүкенге кірген кезде ұстады.

Бүгін таңертең шамамен сағат 10-да Оралдың орталығындағы Абай атындағы алаңда он шақты адам жиналды. Олардың кейбірі "Саяси тұтқындарға бостандық!" және "Азаптауға жол жоқ!" деп айқайлады.

Екі ер адам қолына "Саяси тұтқындарға бостандық!" және "Макс Боқаев босатылсын!" деген жазуы юар плакат ұстап шықты.

Наразылық танытушылар қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов пен Орал әкімі Мұрат Мұқаевтың тарап кету немесе әкімдікке сөйлесуге кіру туралы ұсынысын елемеді.

Бір сағаттан астам уақыт тұрған наразылар біртіндеп тарады. Лукьянова мен Халелов алаңнан кетерде азық-түлік дүкеніне кірген. Бірнеше минут өткен соң ол жерге жергілікті полиция қызметінің бастығы Мүсілім Жәрдемов бастаған полицейлер барып, екі әйелді күштеп көлікке отырғызды.

Ұсталғандар әйелдердің телефоны сөндіріліп тұр.

10 мамыр күні саяси тұтқындарды босатуды талап еткен митингілер Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент және басқа да қалаларда өтті. Наразылық кезінде ондаған адам ұсталды.

  • 16x9 Image

    Санат ОРЫН ӘЛИ

    Санат 2014 жылы қарашада Азаттықтың Батыс Қазақстандағы тілшісі ретінде қызметке кірісті. 2005 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Қызмет жолын "Уральская газета" басылымында бастаған. 2006-2014 жылдары Алматы мен Астанадағы түрлі БАҚ-тарда жарияланып тұрған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

AzatNews 22.05.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:15:35 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG