Accessibility links

Шымкентте белсенділер жер заңы бойынша жиын өткізуге рұқсат сұрады


Шаруа Пуірмат, шымкенттік белсенді.
Шаруа Пуірмат, шымкенттік белсенді.

Шымкентте белсенділер 21 мамыр күні жер заңына қатысты митинг өткізуді сұрап, қала әкімінің атына хат тапсырды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

"Қадырменді қариялар" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаруа Пірматтың Азаттыққа айтуынша, белсенділер хатта халықтың "Қазақстан жері ешкімге сатылмасын, шетелдіктерге жалға да берілмесін" деген талабы орындалмағандықтан талап-тілегін тағы да білдіру үшін митинг өткізуге рұқсат сұрайды. Белсенділер митингіні үш жерде - Абай саябағының "Даңқ" мемориалындағы алаң, Абай ауданындағы "Металлургтер" саябағы Бәйдәбек би ауданындағы "Наурыз" алаңдарының бірінде өткізуді сұрап отыр.

Қазақстан заңы бойынша, азаматтар бейбіт жиын өткізу үшін жергілікті биліктен рұқсат алуы тиіс. Белсенділер жергілікті биліктен жер заңы және басқа да мәселелер бойынша бейбіт акция немесе жиын өткізуге жиі рұқсат сұрағанымен, көп жағдайда әкімдік акция, пикетке рұқсат беруден түрлі себепті алға тартып, бас тартады.

XS
SM
MD
LG