Accessibility links

Алматыда митингіде ұсталған екі адам қамауға алынды


Ерлан Қалиев, құқық қорғаушы

Алматының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты 10 мамыр күні көшеге шығып, митинг өткізген екі адамды әкімшілік қамауға алды. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, судья құқық қорғаушы Ерлан Қалиевті "бейбіт жиын, митинг, пикет және демонстрация өткізу тәртібін бұзды" деп айыптап, бес тәулік әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Алматы тұрғыны Ринат Алдажаров та осындай айыппен үш тәулікке қамауға алынды.

Қамаудағы бизнесмен Ескендір Ерімбетовтің анасы, митингіге шыққан Ғайни Ерімбетоваға ескерту жасалып, сот залынан босатылды.

Сот митингіде ұсталған тағы екі адамға қатысты шешім шығаруы тиіс.

Бүгін түске дейін Алматыда Қабанбай батыр және Панфилов көшелерінің қиылысында ондаған адам митинг өткізіп, Қазақстанда саяси тұтқындарға бостандық беруді, азаптауды тоқтатуды талап еткен. Полиция арнайы жасағы митингіге шыққан ондаған адамды күшпен ұстап, автобустарға тиеп алып кеткен. Алматыдан басқа Астана, Шымкент, Семей, Ақтөбе және Орал қалаларында да осындай талаппен наразылық акциялары өтіп, ондаған адам ұсталған.

  • 16x9 Image

    Асылхан МАМАШҰЛЫ

    1973 жылы 22 сәуірде дүниеге келген. 1994 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда пединститутын бітірген. 1997-2000 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған. "Қазақ энциклопедиясы" баспасында (2001-2007), республикалық "Ана тілі" газетінде (2007-2009) , "ABDI-press" орталығында (2009-2010) жұмыс істеген. 2011 жылдан Азаттық радиосының тілшісі.

    Тарихи, саяси мәселелер тақырыбында жазады, белгілі тұлғалардың саяси портреттерін жасайды. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG