Accessibility links

Макрон Ұлы Карл сыйлығымен марапатталды


Франция президенті Эммануэль Макрон Ұлы Карл сыйлығымен марапаттау салтанатында сөйлеп тұр. Ахен, Германия, 10 мамыр 2018 жыл.
Франция президенті Эммануэль Макрон Ұлы Карл сыйлығымен марапаттау салтанатында сөйлеп тұр. Ахен, Германия, 10 мамыр 2018 жыл.

Франция президенті Эммануэль Макронға Ұлы Карл атындағы халықаралық сыйлық берілді. Ол бұл сыйлықпен Еуропаны біріктіруге қосқан үлесі үшін марапатталды.

Германияның Ахен қаласында өткен сыйлық табыстау шарасында Макрон Еуропа елдерінде реформа жүргізуге шақырып, Еуропа дипломатиялық және геосаяси жағынан күшті болуы керегін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен жасалған ядролық келісімнен шығу туралы шешіміне комментарий берген Макрон Еуропаның алдында Таяу Шығыста бейбітшілік орнату міндеті тұрғанын айтты.

Франция президенті бұдан өзге Еуропаға бөлшектену қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, Brexit процесі мен Италия, Венгрия және Польшадағы сайлаулардың нәтижесі "қауіпті белгі" саналады.


Сәуір айында Макрон Еуропарламентте сөйлеген кезінде Еуропа Одағын реформалау жоспары барын, Еуропа елдерінің бірлікте болуы маңызды екенін айтқан. Германия үкіметі әзірге Макронның бастамаларына жауап қатқан жоқ. Бірақ Германия канцлері Ангела Меркель ынтымақтастыққа қатысты ұсыныстарын маусымға қарай дайындауға уәде берген.

XS
SM
MD
LG