Accessibility links

БАҚ: Дерипаска санкция салдарынан ұшақтарын қайтарды


Олег Дерипаска, ресейлік бизнесмен.
Олег Дерипаска, ресейлік бизнесмен.

Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска өзінде лизингте тұрған шағын үш ұшақты қайтарып берді деп хабарлады Reuters агенттігі. Бұған АҚШ-тың таяуда бизнесменге қарсы салған санкциясы себеп болған.

Reuters-тің мәліметінше, бизнес класына жататын реактивті үш ұшақтың екеуі әрқайсысы 30 миллион долларға бағаланып, сатуға шығарылған. Ұшақтарды сатумен Freestream компаниясы айналысады. Компания Дерипасканың санкция талабы бойынша лизинг келісімін бұзуы тиіс екенін растаған.

6 сәуірде АҚШ Қаржы министрлігі ресейлік 38 бизнесмен мен компанияға қарсы санкция салған. Шектеу былтыр АҚШ Конгресі қабылдаған АҚШ-қа қауіп төндіретіндерге қарсы заңға сай енгізіліп отыр. Санкция тізімінде Олег Дерипасканың өзі мен оған тиесілі "Русал" және En+ компаниялары бар. АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин АҚШ егер Дерипасканың компаниядағы үлесі 50 пайыздан азаятын болса, "Русалдан" санкцияны алып тастауға дайын екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG