Accessibility links

Пучдемон Каталонияны басқарудан бас тартты


Карлос Пучдемон.
Карлос Пучдемон.

12 мамырда Каталония парламенті жаңадан автономия басшысын таңдайды. Тәуелсіздікті жақтаушылар бұл қызметке Ким Торренің кандидатурасын ұсынған. Испанияның бірлігін қолдаушылар оның кандидатурасына қарсы.

Ал бұрынғы премьер-министр Карлос Пучдемон сепаратистер ұсынған кандидатурасын қайтып алып, сайлауға қатыспайтын айтқан. Ол Торроның кадидатурасын қолдайтынын мәлімдеді. Пучдемон елінен жырақта жүр. Испания билігі оны бүлікшіл деп айыптаған. Қазірде Германия соты оны экстрадициялау жайын қарастырып жатыр.

2017 жылы қазанда Каталонияда аймақ тәуелсіздігі туралы референдум өткен. Испания билігі референдумды заңсыз деп жариялап, автономияға орталықтан тікелей басқару енгізген.

XS
SM
MD
LG