Ресей Банкі [Ресейдің орталық банкі - ред.] басшысының орынбасары, Федерация кеңесі төрағасының бұрынғы орынбасары Александр Торшин АҚШ Республикалық партиясы мүшелерімен және америкалық консервативтік белсенділермен байланыс орнатуға тырысқан.
Американың Ұлттық қоғамдық радиосының (National Public Radio – NPR) хабарлауынша, Торшиннің ролі – АҚШ билігіндегі ықпалды тұлғалардың әңгімелерін "тыңдау" болған. Торшин Ресей билігінің тапсырмасы бойынша АҚШ-қа бірнеше рет жұмыс сапарымен келген деп хабарлайды NPR. Оның дерегінше, Торшин Американың Ұлттық қару ассоциациясының жоғары лауазымды өкілдерімен, губернаторлармен, консервативтік көзқарастағы белсенділермен қарым-қатынас орнатып, нығайтуға көп жыл жұмсаған. Ол АҚШ-қа сапарының мақсатын осындай байланыстар орнату және дамыту деп айтқан.
2018 жылы сәуірдің басында АҚШ Ресей Банкі төрағасының орынбасары Александр Торшинге санкция жариялағаннан кейін ол енді АҚШ-қа бара алмайды делінген NPR сайтындағы ақпаратта. АҚШ-та Торшиннің активтері табыла қалса, санкцияға сәйкес, бұғатталады. АҚШ азаматтарына Александр Торшинмен қандай да бір мәміле жасасуға тыйым салынған.