Accessibility links

ОҚО-да "экстремизмді насихаттау" күдігімен екі адам екі айға қамалды


ҰҚК мен ішкі істер департаменті қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында "экстремизмді насихаттады" деген күдікпен ұстаған адам. (Суретті облыстық ІІД ұсынған.)
ҰҚК мен ішкі істер департаменті қызметкерлері Оңтүстік Қазақстан облысында "экстремизмді насихаттады" деген күдікпен ұстаған адам. (Суретті облыстық ІІД ұсынған.)

Оңтүстік Қазақстан облысында "экстремистік идеологияны насихаттайтын аудио және бейнежазбалар таратқан" деген күдікпен ұсталған Қазығұрт ауданының екі тұрғыны сот шешімімен екі айға тұтқындалды. Бұл туралы Азаттыққа күдіктілердің ісін қараған Қазығұрт аудандық сотының тергеу судьясы Дүрия Амантайқызы хабарлады.

Оның айтуынша, ұсталған күдікті екі азаматқа қатысты сот отырысы мамырдың 11-і күні сағат 20:00 шамасында өткен.

"Күдіктілердің аты-жөнін айта алмаймыз. Олардың үстінен Қылмыстық кодекстің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша іс қозғалған. Тергеу амалдары біткенше екі айға тұтқындау туралы санкция берілді", - Дүрия Амантайқызы.

Судья тұтқындалғандардың бірінің отбасылы, екіншісі – бойдақ екенін айтты.


Бұған дейін мамырдың 10-ы күні Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) бірнеше ауданда Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен бірлесіп жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында "экстремистік идеологияны насихаттайтын аудио және бейнежазбаларды таратты" деген күдікпен сегіз азаматтың ұсталғаны туралы хабарлаған.

Полиция күдіктілердің аты-жөні, қай жердің тұрғындары және қай аудандарда ұсталғаны екені туралы ақпарат бермеген.

XS
SM
MD
LG