Accessibility links

Тбилисиде түнгі клубтарға полиция рейдінен соң қақтығыстар болды


Полицияның түнгі клубтарға жүргізген рейдінен кейін Грузия парламенті жанындағы акция. Тбилиси, 12 мамыр 2018 жыл.
Полицияның түнгі клубтарға жүргізген рейдінен кейін Грузия парламенті жанындағы акция. Тбилиси, 12 мамыр 2018 жыл.

Грузия астанасы Тбилисиде полицияның түнгі клубтарға жасаған рейдінен соң болған жаппай қарсылық акциясы наразылардың полициямен қақтығысына ұласқан.

Сенбіге қараған түні Тбилисидің орталығындағы "Басиани" және" Галерея" атты танымал түнгі клубтардың аумағына полиция қызметкерлері кіріп барған. Кейін ішкі істер министрлігі әлгі клубтарда "есірткі таратылатыны туралы хабар түскендіктен" полицияның арнайы операция жүргізуге барғанын айтқан. Осының қарсаңында "клубта пайдаланылған" делінетін есірткіден төрт жасөспірім қазаға ұшыраған.


Полиция түнгі клубтарды тінту барысында "есірткі таратқан" деген күдікпен сегіз кісіні ұстаған. Клубта демалып отырған адамдар полицияға қарсылық танытқан. Кейін Грузия парламенті қасына жиналған жүздеген адам мен полиция арасында Руставели даңғылында қақтығыстар болған. Қақтығыстар барысында полиция тағы 20 адамды ұстаған. Олардың арасында есірткіні заңдастыруды қолдайтын қозғалыс жетекшісі, "Гирчи" партиясынан президенттікке кандидат Зураб Джапаридзе де бар. Ұсталғандарға полицияға қарсылық танытқандары үшін айып тағылған.

XS
SM
MD
LG