Accessibility links

Ресейлік екі Ту-95 ұшағы Аляскаға жақын барған


Ресейлік Ту-95 әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет.)
Ресейлік Ту-95 әскери ұшақтары. (Көрнекі сурет.)

АҚШ жойғыш ұшақтары жұма күні Аляска жағалауына жақын әуе кеңістігінде ресейлік екі бомбалаушы ұшақты қақпайлады деп хабарлады Reuters.

АҚШ әскери басшылығы өкілдерінің CNN телеарнасына хабарлауынша, ресейлік қос бірдей Ту-95 бомбалаушы ұшағы Аляска жағалауына дейін 200 мильден аз қашықтыққа жақындаған сәтте әуеге екі F-22 жойғыш ұшағы көтерілген. Америкалық әскери басшылық ресейлік ұшақтардың АҚШ әуе кеңістігіне кірмегенін және көп ұзамай ол маңнан аулаққа кеткенін айтады.


Соңғы жылдары ресейлік әскери ұшақтардың батыс елдері аймақтарына немесе олардың әскери нысандарына тым жақын ұшуы жиі қайталанатын болған. Бұған дейін, мысалы, Балтық және Солтүстік теңіз аймағында осындай оқиғалар тіркелгені хабарланған.

XS
SM
MD
LG