Accessibility links

Ақтөбе облысы әкімдігі есігін автокөлік бұзып кірді


Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимараты маңында тұрған полиция қызметкерлері. Ақтөбе, 12 мамыр 2018 жыл.
Ақтөбе облыстық әкімдігі ғимараты маңында тұрған полиция қызметкерлері. Ақтөбе, 12 мамыр 2018 жыл.

Ақтөбе тұрғыны жол талғамайтын жеңіл автокөлікпен облыстық әкімдік ғимаратының есігін бұзып кірген. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаменті (ІІД) баспасөз қызметі хабарлады.

Полицияның мәліметінше, мамырдың 12-і күні жергілікті сағат 11:56 шамасында ішкі істер қызметінің жедел басқару пультіне Nissan Patrol маркалы автокөлікті "ішімдік ішкен азамат айдап барады" деген хабар түскен. Көшеде кетіп бара жатқан көлікті тоқтатпақшы болған полицияның талабын жүргізуші орындамаған. Біршама уақыттан кейін автокөлік облыстық әкімдік ғимаратының есігін барып соққан.

- Автокөлік жүргізушісі – бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылған 53 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Наркологиялық сараптама оның құрамында спирт бар ішімдік ішкенін анықтады, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметі.


Төтенше оқиғадан кейін облыстық әкімдік ғимаратын полиция қызметкерлері қоршауға алған.

Бұл дерек бойынша полиция Әкімшілік кодекстің 608-бабы 3-бөлімі () бойынша әкімшілік іс қозғаған. Сонымен қатар бөтеннің мүлкін бүлдіру дерегі бойынша соталды тергеуі басталғаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG