Бүгін түнде жергілікті уақытпен сағат 2:14 кезінде Алматыдан батысқа қарай 217 километр қашықтықта 3,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығы.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 20 километр тереңдіктегі жер қабатында болған деп хабарланды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9.2.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.