Accessibility links

Мәскеу Хельсинки тобы Оюб Титиевті марапаттады


Бұрғын совет диссиденті Сергей Ковалев (оң жақта) тұтқындағы құыққ қорғаушы Оюб Титиевке Мәскеу Хельсинки тобы сыйлығын табыс ету рәсімінде сөйлеп тұр. Мәскеу, 12 мамыр 2018 жыл.
Бұрғын совет диссиденті Сергей Ковалев (оң жақта) тұтқындағы құыққ қорғаушы Оюб Титиевке Мәскеу Хельсинки тобы сыйлығын табыс ету рәсімінде сөйлеп тұр. Мәскеу, 12 мамыр 2018 жыл.

Ресейлік "Мемориал" құқық қорғау ұйымының Шешенстандағы бөлімшесінің жетекшісі Оюб Титиев Хельсинки тобының адам құқығын қорғаудағы батылдығы үшін Мәскеу Хельсинки тобының сыйлығымен марапатталды.

Осымен оныншы жыл қатарынан ұйымдастырылған сыйлықты тапсыру рәсімі 1976 жылы Хельсинки келісімінің СССР-де орындалуына жәрдемдесуді мақсат еткен қоғамдық топ – Мәскеу Хельсинки тобы құрылған мамырдың 12-і күні Ресей астанасында өтті.


Қазір Шешенстанда түрмеде отырған Оюб Титиевтің орнына сыйлықты "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Солтүстік Кавказ бағдарламасының жетекшісі Олег Орлов алды.

Бұрын Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілі болып істеген совет диссиденті Сергей Ковалев жиында сөйлеген сөзінде құқыққорғаушы Оюб Титиевтің "27-нің ісі" деп аталатын іске қатысты жұмысының маңыздылығын айтты. Бұған дейін ресейлік "Новая газета" басылымы 2017 жылғы қаңтардың 26-сына қараған түні Грозныйда 27 адам атылған деген деректер жариялаған. Шешенстан билігі Грозныйдағы жаппай адам ату оқиғасы туралы ақпаратты теріске шығарған.

Абақтыдан сәлем жолдаған Оюб Титиев құқық қорғау саласындағы еңбегі үшін сыйлық алғанына қуанышты екенін әрі мақтан тұтатынын жеткізген.

Шешенстанда қаңтардың 9-ында ұсталып, "заңсыз есірткі сақтаған" деген айып тағылған Оюб Титиев содан бері қамауда отыр. Құқық қорғаушы мен әріптестері оған тағылған айыптар ойдан құрастырылған деп мәлімдейді. "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Титиевті Ресейдегі саяси тұтқындар тізіміне енгізген.

XS
SM
MD
LG