Accessibility links

"Евровидение-2018" бас жүлдесін Израиль әншісі алды


"Евровидение-2018" халықаралық ән байқауының жеңімпазы Нетта Барзилай.
"Евровидение-2018" халықаралық ән байқауының жеңімпазы Нетта Барзилай.

Португалияда өткен "Евровидение-2018" халықаралық ән байқауының финалында Израиль өкілі Нетта Барзилай (Netta) бас жүлдеге ие болды. Toy ("Ойыншық") әнін шырқаған оған жюри мүшелері мен көрермендер берген жиынтық дауыс – 529 балл.

Ән жарысы аяқталғаннан кейін өткен баспасөз мәслихатында Нетта Барзилай осы конкурсты Отанына алып баруды өзіне құрмет санайтынын айтқан. Халықаралық конкурс ережесі бойынша, келесі жолғы ән байқауы жеңімпаз атанған өнерпаздың елінде өтеді.


Биылғы байқауда екінші орынды Кипр әншісі Элени Фурейра (436 балл), үшінші орынды - австриялық Сезар Сэмпсон (342 балл) иеленді.

Сенбі күні кешке Лиссабондағы Altice аренасында өткен финалдық шоуда 26 елдің әншілері өнер көрсетті.

XS
SM
MD
LG