Accessibility links

Трамп ядролық полигонды жоюға уәде еткен Пхеньянға алғыс айтты


АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның суреттерінен коллаж.
АҚШ президенті Дональд Трамп (оң жақта) пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның суреттерінен коллаж.

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға ядролық полигонын жоюға берген уәдесі үшін алғыс білдірді.

"Солтүстік Корея осы айда, маусымның 12-інде өтетін жоғары деңгейдегі кездесу қарсаңында ядролық полигонын бұзатынын жариялады. Рахмет, өте жетелі және игі іс", - деп жазды Трамп Twitter желісіндегі парағына.

Мұның алдында Солтүстік Кореяның мемлекеттік ақпарат агенттігі Пхеньянның алдағы екі аптада ядролық сынақ полигонын жоюға ниетті екенін туралы хабарлаған.

"Ядролық полигонды бұзу рәсімі күн райына қарай, мамырдың 23-25 аралығына жоспарланып отыр", - делінген агенттік үзінді келтірген Солтүстік Корея сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде.

Мемлекеттік агенттіктің хабарлауынша, жоспар бойынша, полигондағы тоннельдер жою, кіретін есіктерді бітеу, бақылау нысандары мен қауіпсіздік бекеттерін және зерттеу ғимараттарын бұзу қарастырылған.


Жұма күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео егер Солтүстік Корея ядролық қарудан бас тартатын болса, онда Вашингтонның бұл елге экономикалық көмек беретіні туралы мәлімдеген.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен маусымның 12-і күні Сингапурде кездесетіні туралы хабарлаған. Осы кезге дейін АҚШ пен Солтүстік Корея жетекшілері ешқашан бір-бірімен кездескен емес.

XS
SM
MD
LG