Accessibility links

Қытай алғашқы авиа тасығыш кемесін теңізге шығарды


Қытайдың "Ляонин" авиа тасығыш кемесі (Көрнекі сурет).
Қытайдың "Ляонин" авиа тасығыш кемесі (Көрнекі сурет).

Қытайдың алғашқы авиа тасығыш кемесі сынау үшін теңізге шықты. Қытайдың CCTV ұлтық телекомпаниясының хабарлауынша, әзірге 001А деп аталатын авиа тасығыш теңізге елдің солтүстік-шығысындағы порттан 12 мамыр күні кешке түсірілді. Пекин авиа тасығыштың сынақтан өткізілуін өзінің әскери-теңіз күштерін модернизациялаудағы маңызды қадам деп атап отыр.

Әскери кеме қарулы күштер сапына 2020 жылға қарай алынады. Ол Қытайдың Оңтүстік Қытай теңізіндегі шекарасын қорғайды және Тайваньнің тәуелсіз саясат жүргізуге тырысатын кез-келген әрекетін тияды делініп отыр.

Қытай телеарнасы авиа тасығыштың теңізге басқа әскери кемелердің қорғаштауымен шыққанын көрсетті. Кеменің қозғалтқыш құрылғылары мен жүріс бөлігі және навигациялық жүйелері қалай жұмыс істейтіні бірінші рет ашық теңізде сыналады. Авиа тасығыш теңізге бір жыл бұрын түсірілген.

Қытайда осыған дейін "Ляонин" деп аталатын жалғыз авиа тасығышы болған. Бұл кеме 1985 жылы Николаевтағы кеме зауытында құрастырыла бастап, Латвия астанасының құрметіне "Рига" деп аталған. 1990 жылы аты "Варяг" деп өзгертілген. Совет Одағы ыдыраған соң кеме Украина меншігінде қалып, ары қарай құрастыру 1992 жылы тоқтатылған. 1998 жылы оны Қытай сатып алып, авиа тасығыш ретінде құрастырып алған. Кеме 2012 жылы 25 қыркүйекте Қытай әскери-теңіз күштерінің сапына алынған.

XS
SM
MD
LG