Accessibility links

Ауғанстан: Жалалабадтағы шабуыл құрбандары саны артты


Жалалабадтағы шабуыл болған жерде жүрген қауіпсіздік қызметкерлері. Нангархар уәлаяты, Ауғанстан, 14 мамыр 2018 жыл.

Ауғанстанның Нангархар уәлаятының әкімшілік орталығы - Жалалабад қаласында 13 мамыр күні үкімет мекемелеріне бірінен соң бірі жасалған шабуылдардан қаза тапқандар саны 10 адамға жетіп, жараланғандар саны 40 адамнан асты. Жексенбі күні жергілікті билік төрт адам құрбан болып, 20 адам жараланғанын хабарлаған еді.

Уәлаят губернаторы кеңсесінің баспасөз хатшысы Атаулла Хоняни жергілікті қаржы басқармасы үйінің алдында жанкешті мина жасырылған көлікті жарып жібергенін хабарлады. Жарылыстан соң мекемеге басып кірген қарулы топ пен қауіпсіздік қызметкерлері арасында бірнеше сағат бойы атыс болды.

"Сегіз терроршы Жалалабад қаласында ұйымдасқан шабуыл жасады" деді Хогяни. Ол атыс кезінде тағы 42 адам жараланғанын айтты. Оның сөзінше, қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері шабуыл жасаған сегіз адамның алтауының көзін жойған, екеуі мекемеге кіреберісте өздерін жарып жіберген.

AzattyqTV

Митинг өтпеген күнгі жаппай ұстаулар
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:13 0:00
XS
SM
MD
LG