Accessibility links

БАҚ: Санкциядан Eni мен "Роснефть" жобалары тоқтап тұр


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресейлік "Роснефть" компаниясы мен италиялық Eni компаниясының Қара теңіз бен Баренц теңізі қайраңдарындағы бірлескен кәсіпорындарының жұмысы АҚШ санкциясы салдарынан іс жүзінде тоқтап қалды. Азаттықтың Орыс редакциясының хабарлауынша, бұл туралы "Коммерсанть" басылымы мұнай саласындағы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Қос компания бұл жобаларға 270 миллион доллар жұмсаған.

"Роснефть" Италия мұнай компаниясына қатысты проблема бары туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Eni-дің "Роснефть" компаниясымен Қара теңіздегі бірлескен жобасын тоқтатқаны туралы наурыздың соңында РБК өз дереккөзіне сілтеме жасап хабарлаған еді. Бірақ сәуірдің ортасында Eni басшысы Клаудио Дескальци Reuters агенттігіне компания "Роснефть" компаниясымен жұмысын жалғастыратынын және Баренц теңізінде кеніштерді бұрғылай беретінін мәлімдеген.

1 наурызда америкалық ExxonMobil корпорациясы "Роснефть" компаниясымен Ресейдің Арктика мен Қара теңіздегі қайраңдарын игеретін бірлескен кәсіпорны құрамынан шығатынын хабарлаған. Корпорацияның "Роснефть" компаниясымен бірлескен бірнеше жобасы болған. АҚШ-тың Ресейге салған санкциялары оларды үлкен шығынға ұшыратты.

XS
SM
MD
LG