Accessibility links

MI5 басшысы: Ресей дезинформация таратуды күшейтті


Эндрю Паркер, Ұлыбритания барлау агенттігінің басшысы.
Эндрю Паркер, Ұлыбритания барлау агенттігінің басшысы.

Ұлыбритания барлау агенттігінің (MI5) басшысы Эндрю Паркер Ресей тағы да халықаралық оқшаулауға ұшырайтынын мәлімдейді деп хабарлады Reuters және Bloomberg агенттіктері. Паркер бұл туралы Берлинде өтіп жатқан еуропалық әріптестерімен кездесуінде айтпақ.

Агенттік мәліметінше, Паркер Мәскеудің "Сергей Скрипаль ісіне" байланысты халықаралық құқықты бұзғанына арнамақ. Bloomberg-тің хабарлауынша, Паркер Ұлыбританияның Солсбери қаласында Ресей сыртқы барлау қызметінің бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальдің улануын "қасақана және әдейі" істелген деп атайды.

Бұдан өзге, британ барлау қызметінің басшысы Ресейге "бұрын-соңды болмаған дезинформация таратумен" айналысатын жау мемлекет ретінде назар аудартпақ.

Паркер Ұлыбритания билігі сияқты наурыздың басында әкелі-балалы Скрипальдерге жасалған қастандықтың артында Ресей тұр деп біледі. Ресей Скрипальдерді улауға қатысты барын жоққа шығарады.

MI5 басшысы Еуропа елдеріндегі әріптестерін сонымен бірге "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынан төнетін қауіптен сақтандырмақ. Паркердің сөзінше, радикалды исламшылдар Сирия мен Иракта жеңіліп, шегінгеніне қарамастан, ауқымды шабуылдар жасауға әлі де қауқары бар.

Guardian басылымының жазуынша, Эндрю Паркер Brexit процесінен соң да Ұлыбритания мен Еуропа Одағы елдері арнайы қызметтерін өзара іс-қимыл жасауға шақырмақ.

XS
SM
MD
LG