Accessibility links

"Пара алған" судья айыбын мойындамады


Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты (Көрнекі сурет).

Шымкенттегі Әл-Фараби аудандық соты 30 қаңтарда "500 мың теңге парамен ұсталған" Мақтарал аудандық сотының судьясы Абай Ниязбековтың ісін қарап жатыр деп хабарлайды Азаттық тілшісі.
Сот тергеуіне төрағалық етіп жатқан судья Еркебұлан Төлешов сотталушы Қылмыстық кодекстің 366 бабымен ("Пара алу") айыпталып отырғанын айтты. Судья Абай Ниязбеков Азаттыққа тағылған айыппен келіспейтінін айтты.

Айыптау тарабы журналистердің сотқа қатысуына рұқсат бергенімен, сурет және видео түсіруге тыйым салуды сұрады. Судья ол өтінішті қанағаттандырды.

Судья Ниязбеков үстінен азаматтық іс қозғалған Мақтарал ауданындағы Фирдауси атындағы мектептің қызметкері Мирзаевтан 500 мың теңге параны хатшысы Ерлан Сатыбалдиев арқылы алған деген күдікке ілінген.

Іс бойынша куә ретінде аудандық соттың кеңсе меңгерушісі, хатшысы және тағы бес адам сұралды.


  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

AzattyqTV

Құпияға толы Жібек жолы
please wait

No media source currently available

0:00 0:04:12 0:00
XS
SM
MD
LG