Accessibility links

Путин мен Пашинян кездесті


Владимир Путин мен Никол Пашинян Сочиде кездескен сәт. 14 мамыр 2018 жыл.
Владимир Путин мен Никол Пашинян Сочиде кездескен сәт. 14 мамыр 2018 жыл.

Сочиде Ресей президенті Владимир Путин мен Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян кездесті. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлады.

Путин Пашинян тұсында екі ел арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдай жақсы болады деп үміттенетінін айтқан.

Ресей президенті Арменияны "аймақтағы жақын серігі" ретінде санайтынын білдірген. Арменияның жаңа премьер-министрі Пашинян 13 мамырда кешкісін Еуразия экономика одағының саммитіне қатысу үшін Сочиге келген.

Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, Пашинян жергілікті Армян шіркеуіне барған. Сочиде тұратын армяндар Никол Пашинянды ыстық ықыласпен қарсы алған.

XS
SM
MD
LG