Accessibility links

Иерусалимде АҚШ елшілігі ашылды


АҚШ елшілігінің ашылу салтанаты. Иерусалим, 14 мамыр 2018 жыл.
АҚШ елшілігінің ашылу салтанаты. Иерусалим, 14 мамыр 2018 жыл.

14 мамырда өткен ашылу салтанатына Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху және Ақ үйдің жоғарғы кеңесшісі, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы елшісі әрі Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысты.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген Кушнер "Иерусалим барлық конфессия адамдарын біріктіретін қала болуы тиіс" дейді.

Елшіліктің ашылу салтанаты болып жатқанда палестиналықтар Газа секторында наразылық акцияларын өткізді.

Газа секторындағы наразылық. 14 мамыр 2018 жыл.
Газа секторындағы наразылық. 14 мамыр 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр Вашингтон екіге бөлінген Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіретінін жариялаған. Бұл шешім Вашингтонның Палестина-Израиль проблемасына қатысты саясатын өзгерте бастағанын білдірген.

Палестиналықтар Шығыс Иерусалим өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған. Халықаралық қауымдастық Тель-Авивтің бұл әрекетін құптамайды.

XS
SM
MD
LG