Accessibility links

Назарбаев: БАҚ түймедейді түйедей етпеуі тиіс


Назарбаев пен Путин Сочиде Еуразия экономика одағының саммитін алдында. 14 мамыр 2018 жыл.
Назарбаев пен Путин Сочиде Еуразия экономика одағының саммитін алдында. 14 мамыр 2018 жыл.

14 мамырда Сочиде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин кездесті.

Кездесу барысында Назарбаев Путинді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, 18 наурыздағы сайлауды "тарихи оқиға" деп атады.

"Сіз триумфпен Ресей халқының сеніміне ие болдыңыз. Қазіргі жағдайда сенімге ие болу үлкен жетістік. Біз одақтас, жақын елдерміз. Екі елдегі БАҚ осы бағытта жұмыс істеуі керек. Егер бір сұрақ туындаса түймедейді түйедей етпеуі тиіс. Біз 25 жыл бойы ол мәселелерді шешіп келеміз" деді.

Назарбаев Еуразия экономика одағының саммитіне қатысу үшін Сочиге келген.


XS
SM
MD
LG