Accessibility links

Газа секторындағы қақтығыстан ондаған адам өлді

Газа секторында наразылыққа шыққан. 14 мамыр 2018 жыл.
Газа секторында наразылыққа шыққан. 14 мамыр 2018 жыл.

Газамен шекаралас аумақта Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде кемінде 55 палестиналық көз жұмды. Қақтығыс мамырдың 14-і күні АҚШ елшілігінің ашылуына орай өткен палестиналықтардың наразылық шарасы кезінде болған.

Палестина денсаулық сақтау министрлігі наразылық шарасы кезінде оқ-дәрі, көзден жас шығаратын газдан 2700 палестиналықтың жарақат алғанын айтып, бұл Газа соғысындағы қанға боялған ең ауыр күн деп мәлімдеді.

Ал Израильдің айтуынша, Газа шекарасындағы “тәртіпсіздік шарасына” 40 мың палестиналық қатысқан. Күштік құрылымдарды қорғай сөйлеген елдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху “әрбір ел өзінің шекарасын қорғауға міндетті” деп мәлімдеген.

Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Израиль әскерінің жасаған “қанды қырғынын” айыптап, үш күндік қаралы күн жариялады.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғары комиссары Зейд Раад әл-Хусейн Израиль әскери күштері тарапынан жасалған “адам құқығының өрескел бұзылуын” сынады.

14 мамырда Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылу салтанаты өтті. Оған Ақ үйдің жоғарғы кеңесшісі, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы арнайы елшісі әрі Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысқан.

АҚШ президенті Дональд Трамп былтыр Вашингтон екіге бөлінген Иерусалимді Израиль астанасы деп танитынын және АҚШ елшілігін Тель-Авивтен осы қалаға көшіретінін жариялаған. Бұл шешім Вашингтонның Палестина-Израиль проблемасына қатысты саясатын өзгерте бастағанын білдірген.

Палестиналықтар Шығыс Иерусалим өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған. Халықаралық қауымдастық Тель-Авивтің бұл әрекетін құптамайды.

Газа секторындағы қақтығыс

14 мамырда Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы болып жатқанда Газа секторында қарсылық күшейді. Мыңдаған палестиналық Израиль әскерімен қақтығысты. 
1/10 14 мамырда Иерусалимде АҚШ елшілігінің ашылуы болып жатқанда Газа секторында қарсылық күшейді. Мыңдаған палестиналық Израиль әскерімен қақтығысты. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Газамен шекаралас аймақта Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде кемінде 55 палестиналық көз жұмды. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін. 
2/10 Газамен шекаралас аймақта Израиль әскерилерімен қақтығыс кезінде кемінде 55 палестиналық көз жұмды. Қаза тапқандар саны артуы мүмкін. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
АҚШ бұл қақтығыстың артында ХАМАС ұйымы тұр деп айыптады. 
3/10 АҚШ бұл қақтығыстың артында ХАМАС ұйымы тұр деп айыптады. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Палестина денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, наразылық шарасында 2700 палестиналықтың жарақат алған. 
4/10 Палестина денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, наразылық шарасында 2700 палестиналықтың жарақат алған. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Палестина тарабының айтуынша, Израиль әскері қақтығыс кезінде оқ-дәрі, көзден жас шығаратын газ қолданған.<br />
<br />
&nbsp;
5/10 Палестина тарабының айтуынша, Израиль әскері қақтығыс кезінде оқ-дәрі, көзден жас шығаратын газ қолданған.

 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху &ldquo;әрбір ел өзінің шекарасын қорғауға міндетті&rdquo; деп мәлімдеді. БҰҰ Израиль әскерінің әрекетін сынады.&nbsp;
6/10 Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху “әрбір ел өзінің шекарасын қорғауға міндетті” деп мәлімдеді. БҰҰ Израиль әскерінің әрекетін сынады. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Палестиналықтар Шығыс Иерусалим өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған.&nbsp;
7/10 Палестиналықтар Шығыс Иерусалим өздерінің болашақ мемлекетінің астанасы болғанын қалайды. Израиль Шығыс Иерусалимді басып алып, қаланы өзінің астанасы деп жариялаған. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Газа секторындағы қақтығыс.&nbsp;
8/10 Газа секторындағы қақтығыс. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Израиль әскерінің &ldquo;қанды қырғынын&rdquo; айыптап, үш күндік қаралы күн жариялады.
9/10 Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббас Израиль әскерінің “қанды қырғынын” айыптап, үш күндік қаралы күн жариялады.
Түгел оқыңыз Қысқарту
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторындағы қақтығыс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланады. Талқылау туралы ұсынысты Кувейт жасаған.&nbsp;
10/10 Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Газа секторындағы қақтығыс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланады. Талқылау туралы ұсынысты Кувейт жасаған. 
Түгел оқыңыз Қысқарту
Previous slide
Next slide

XS
SM
MD
LG