Accessibility links

АҚШ пен Өзбекстан 4 млрд долларлық келісімге қол қояды


АҚШ және Өзбекстан тулары.
АҚШ және Өзбекстан тулары.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің АҚШ-қа сапары барысында Өзбекстан мен АҚШ арасында құны 4 миллиард долларлық келісім-шарттарға қол қойылу жоспарланып отыр. Бұл турасында америка-өзбек сауда палатасының төрайымы Кэролин Лэмм “Узбекистан 24” телеарнасына берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, құжаттар сауда, коммерция, инвестиция саласына қатысты. Сауда палатасының төрайымы екі елдің әсіресе, мұнай-газ және түрлі-түсті металлургия бойынша әріптестік орнатуға мүдделі болып отырғанын атап айтқан.

Бұған дейін Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі Шавкат Мирзяевтің Ақ Үйге алғашқы сапары мамырдың 15-17 аралығына жоспарланғанын хабарлаған.

Трамп пен Мирзяев ең алғаш рет 2017 жылы мамыр айында Эр-Риядта өткен араб-мұсылман елдері және АҚШ арасындағы саммит барысында кездескен.

Мирзяев өткен жылы күзде Нью-Йоркке сапарында бірқатар американдық компаниялармен кездесіп, екіжақты бизнес-форумға қатысқан. Форумның нәтижесінде АҚШ компанияларымен жалпы құны 2,6 миллиард доллар болатын, мұнай-газ, мұнай-химия, машинақұрылыс, электротехника өнеркәсібі және азаматтық авиация саласына қатысты құжаттарға қол қойылған.

XS
SM
MD
LG