Accessibility links

AI Трамп-Мирзияев кездесуінде адам құқығы сөз болады деп үміттенеді


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

Халықаралық Amnesty International (AI) адам құқығын қорғау ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампты Өзбекстан басшысымен болатын кездесуде адам құқығына қатысты реформаларды жалғастырып, тереңдету туралы үгіттеуге шақырған. Трамп пен Мирзяевтың Вашингтонда кездесуі 16 мамырға жоспарланған.

АҚШ президентіне жолданған хатта құқық қорғау ұйымы Орталық Азия елі басшысының Ақ Үйге алғашқы сапары “сіз үшін Өзбекстанды ұзақ уақыт бойы кейінге шегеріліп келген адам құқығы реформаларын жасауға ынталандыру бойынша маңызды мүмкіндік болмақ” делінген.

Ұйымның пікірінше, Мирзяев елде бірқатар кең ауқымды саяси және экономикалық реформалар жасай бастаған. Атап айтқанда, күдіктілерді азаптауға тыйым салып, сөз бостандығы шектеулерін жеңілдетіп, құқыққорғаушылар мен журналистерді, белсенділерді босатқан. Алайда ұйым Мирзяевтің Өзбекстандағы адам құқығын жақсарту үшін мұнан да көбірек жасауы керектігін айтып, елдегі құқыққорғаушылар, журналистер мен бұрынғы сотталушылардың еркіндігіне кепілдік беруі тиіс деп есептейді.

XS
SM
MD
LG