Accessibility links

Qazaq Banki акционері "ұсталды"


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстандық ақпарат агенттіктері Германия аумағында Qazaq Banki акционері Бақыт Ибрагимнің ұсталғанын хабарлады. Қазақстан ішкі істер миинистрлігіне сілтеме жасаған агенттіктер Бақыт Ибрагимнің 23 сәуірде ұсталғанын жазды.

Қазақстан биржа қорының дерегінше, Бақыт Ибрагимге Qazaq Banki акцияларының 10,71 пайызы тиесілі. Ол 2017 жылы 12 маусымға дейін Qazaq Banki директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Қазақстандағы ақпарат агенттіктері "Бақыт Ибрагим - Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың үлкен қызы Меруерттің күйеуі" деп жазады.

Сағынтаевтың қызы - Buro 24/7 Kazakhstan басылымының иесі. Журнал сайтында оның толық аты-жөні Меруерт Әбдір (Сағынтаевтың тегі - Әбдірұлы) деп көрсетілген. Бұрын ол БАҚ беттерінде Меруерт Ибрагим деп шығып жүрген.

18 сәуірде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк өкілдерімен кездесуде елдегі Astana bank, Qazaq banki және Эксим банктің жұмысын нашар деп бағалап, акционерлері мен басшыларын сынаған.

28 сәуірде Қазақстан Ұлттық банкі Qazaq Banki-нің жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, жеке тұлғалардың банк шоттарын ашуға лицензиясын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG