Accessibility links

Әлем кубогы қарсаңында Ресейде "адам құқығы нашарлаған"


Human Rights Watch логосы
Human Rights Watch логосы

Халықаралық Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Ресейде футбол бойынша әлемдік чемпионат қарсаңында адам құқығы жағдайының нашарлағанына алаңдап отыр.

Осы аптада жариялаған баяндамасында ұйым стадион құрылысшыларының құқықтары бұзылып отырғанын атап көрсетеді. HRW дерегінше, жұмысшылар жалақыларын ала алмай, бұған қоса қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істеп жатыр. 2018 жылдың сәуір айында әлем чемпионатына қатысты жүріп жатқан құрылыс алаңдарында 21 жұмысшы мерт болған.

Баяндамада сонымен бірге әлемдік чемпионат кезінде Египет командалары орнығатын Шешенстандағы жағдай да баяндалады. Атап айтқанда, онда қазіргі кезде "Мемориал" құқық қорғау ұйымының өкілі Оюб Титиевтің қамауда отырғаны атап көрсетіледі.


Осыған орай Human Rights Watch ұйымы халықаралық футбол федерациясын (FIFA) Ресейдегі адам құқығы жағдайына әсер етуге шақырған.

XS
SM
MD
LG