Accessibility links

Мирзияев АҚШ-қа ресми сапармен барды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АҚШ әуежайында.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев АҚШ әуежайында.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев ресми сапармен АҚШ-қа барды. Дәл осының алдында ғана құқық қорғаушылар Вашингтонды Мирзияевқа Өзбекстандағы адам құқығы жағдайын жақсарту туралы үгіттеуге шақырған еді.

“Эндрюс” әуежайында Өзбекстан президентін АҚШ үкіметінің өкілдері қарсы алды деп хабарлайды Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі.

16 мамырда Шавкат Мирзияев Ақ Үйде АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Ресми ақпарат бойынша, ауқымды және шағын форматтағы келіссөздер жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Трамп пен Мирзияев қандай мәселелерді талқыламақ?

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, АҚШ-қа сапары аясында Мирзияев АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, қорғаныс министрі Джеймс Мэттис және конгресс мүшелерімен кездеседі. Кездесулер аясында ондаған құжаттарға қол қойылып, екі ел басшыларының ортақ мәлімдемесі қабылданады.

Мирзияевтың АҚШ-қа сапары алдында халықаралық Amnesty International ұйымы АҚШ президенті Дональд Трампқа Мирзияевты адам құқығы бойынша реформаларды жалғастырып, тереңдетуге шақыруға кеңес берген еді.

Өзбекстан басшысы бұған дейін елде реформалар жүргізуге уәде берген. 12 мамырда өзбек билігі құқыққорғау белсендісі Фахриддин Тилляевты босатты. Ол түрмеде төрт жылдан астам отырды. Жақтастары оның ісінде саяси астары бар деп келген.

Мирзияевтың АҚШ-қа сапары қарсаңында АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша директоры Лиза Кертис Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевты экономика және саласында реформаларды жалғастырып, адам құқығы жағдайын жақсарту бағытында жұмыс істеуге шақыруға ниетті екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG