Accessibility links

Абаев: "Тіркелмеген ұялы телефондарға қызмет көрсетілмейді"


Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілісте БАҚ туралы жаңа заңды таныстырып тұр. Астана, 8 қараша 2017 жыл.
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Мәжілісте БАҚ туралы жаңа заңды таныстырып тұр. Астана, 8 қараша 2017 жыл.

16 мамырда Астанада Қазақстанның Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев халық алдында есеп берді.

Министр өткен жылдың аяғында БАҚ туралы заңға енген өзгерістер туралы "жаңа ережеге сәйкес, балалар туралы ақпарат жариялауға тыйым салынғанын, ел аумағындағы төтенше жағдай бола қалса, тиісті өкілетті орган үш сағат ішінде хабарлама жариялауға міндеттелгенін" айтты.

Абаев жиында қазақстандық арналардағы шетелдік контент көрерменнің сұранысы жоғары екенін, сондықтан аудиторияның қалауына тыйым сала алмайтынын айтты.

Кездесуде министр екі жыл бұрын қабылданған жаңа ережеге сай 2019 жылдан бастап тіркелмеген телефондарға ұялы байланыс қосылмайтынын айтты. Абаев жаңа жүйе телефон ұрлығын азайтады деп үміттенеді. Министрлік халық арасында тіркеуге қатысты дүрлігу туындамауы үшін онлайн тіркеу жүйесін іске қоспақ.

XS
SM
MD
LG