Accessibility links

Ресей түрмесінде украиналық режиссер аштық жариялады


Украиналық режиссер Олег Сенцов

Ресейде терроризм айыбы бойынша 20 жылға заңсыз қамалған украиналық режиссер Олег Сенцов аштық жариялады. Ол Ресейдегі барлық украиналық саяси тұтқындарды босатуды талап етеді. Бұл туралы Ресейдегі сот істері бойынша ақпарат тарататын “Медиазона” порталына адвокат Дмитрий Динзе хабарлаған.

Жақында ғана Сенцовпен кездескен адвокаты ақпарат құралдарына оның аштық жариялағаны туралы хатын көрсеткен. Онда хат иесі 14 мамырдан бастап, аштық акциясын бастағанын, “Ресей аумағындағы барлық украиналық саяси тұтқындарды босатуды талап ететінін” жазған. Хатты “Соңына дейін бәріміз біргеміз. Украина жасасын” деп бітірген.

Бұған дейін Сенцов колония бастығына аштық туралы өтініш жолдап, бірақ “босатылуы тиіс” деген 64 украиналықтың аты-жөндерін атамаған. Адвокаттың айтуынша, Сенцов өзінің бас бостандығын талап етпеген.

Аштық жариялаған соң Сенцовты оңашаланған камераға ауыстырған. Оның денсаулығын дәрігер бақылап отыр. Колонияға адам құқығы бойынша президенттік кеңес пен атқару қызметінің өкілдері келіп, аштықты тоқтатуға үгіттеген. Бірақ ол акциядан бас тартпайтынын айтып, “не өлем, не талаптарым орындала бастайды” деп жауап берген.

Ресейдің арнайы қызмет өкілдері Олег Сенцов пен белсенді Александр Кольченконы Қырымда 2014 жылы мамырда ұстаған. Оларды “Қырым түбегінде жарылыс ұйымдастырмақ болды” деп айыптаған. 2015 жылы Ресей соты Сенцовты 20 жылға соттап, қатаң режимдегі колонияға жіберген. Ал Кольченко 10 жылға сотталды. Екеуі де өз кінәларын мойындамады.

Сенцов пен Кольченконы “Мемориал” құқық қорғау орталығы саяси тұтқын деп таныған. Ал Ресей билігі оларды “террористер мен экстремистер” тізіміне енгізді.

AzattyqTV

Күре жол мал базарға айналатын күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:37 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG