Accessibility links

Министрлік кешкі Youtube пен Facebook бұғаттаулары туралы жауап берді


Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департамент директорының орынбасары Бекзат Рахимов
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департамент директорының орынбасары Бекзат Рахимов

Алматыда өтіп жатқан Орталық Азия бойынша «БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық» форумында елдегі сөз бостандығы мен мемлекеттің БАҚ-ты бақылау мәселесі талқыланды.

Форум барысында ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департамент директорының орынбасары Бекзат Рахимовтан журналистер “сағат кешкі 9-да неге Youtube пен Facebook бұғатталады?” деп сұрағанда:

- Кеше Youtube-қа мен де кіре алмадым. Бірақ Facebook жақсы жұмыс істеп тұрды. Мемлекеттің бұғаттауына қатысты айтсам - мемлекет Youtube-ты бұғаттамайды, - деп жауап берді.

"Құқықтық медиа орталық" ұйымының директоры Диана Окремованың айтуынша, 2017 жылы Қазақстан билігі мемлекеттік тапсырысқа бұрын соңғы болмаған ірі көлемде қаржы (40 млрд теңге - Азаттық) жұмсаған. Әйткенмен ұйым ақпарат және коммуникация министрлігінен сол мемлекеттік тапсырыстың қалай жұмсалатыны туралы мардымды ақпарат ала алмаған.

Соған орай министрлікті сотқа беріп, екі инстацияда да жеңілген ұйым енді жоғарғы сотқа өтініш әзірлеп жатқанын айта кетті.

- Егер Жоғарғы сот та арызымызды қанағаттандырмаса, Біріккен Ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі комитетіне барамыз, - деді Диана Окремова.

Форум барысында Freedom House – Kazakhstan ҮЕҰ өкілі Виктория Тюленева Орталық Азия елдерінің БАҚ-ты бақылау әдістері бір-біріне ұқсас екеніне тоқталды.

- Бақылау шараларына аумақ мемлекеттері Ресей тәжірибесіне жиі жүгінеді. Орталық Азия елдерінің барлығында сөз бостандығының жайы тоқырап тұр. Тек соңғы саяси жағдайларға байланысты Өзбекстанде біршама жақсарды. Бірақ мұның өзі қаншаға созылатынын көреміз, - деді Виктория Тюленева.

Ол биліктің баспасөзді бақылау арқылы өзінің имиджін жақсартуды көздейтінін де жеткізді.

Жиын барысында Азаттық тілшісі айтылған уәждерге қатысты министрлік өкілі Бекзат Рахимовқа қайрылып еді, сөз бостандығына қатысты уәждерді негізсіз санайтынын айтты.

Жиынға Қазақстан, Германия, Литва, Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстанның журналистерінен, блогерлері мен министрлік өкілдерінен, халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 200-дан астан өкіл келді.

Халықаралық ұйымдар Қазақстандағы сөз бостандығының нашарлығын жиі сынап келеді. "Шекарасыз репортерлер" халықаралық ұйымының жақында жариялаған "Сөз бостандығы индексінде" Қазақстан бір саты төмендеп, 180 елдің арасында 158-орында тұр.


XS
SM
MD
LG