Accessibility links

"Жаңа Қазақстан" форумы құрылды


"Жаңа Қазақстан" форумының мүшелері журналистер сұрақтарына жауап беріп жатыр. 17 мамыр 2018 жыл.
"Жаңа Қазақстан" форумының мүшелері журналистер сұрақтарына жауап беріп жатыр. 17 мамыр 2018 жыл.

Бүгін Алматыда белгілі саясаткерлер мен белсенділер тобы "Жаңа Қазақстан" форумы қоғамдық ұйымын құрғанын жариялады. Олардың айтуынша, "Қазақстан билігімен диалог құру жолын таңдайтын" бұл ұйым келешекте партияға айналуы мүмкін.

Ұйым өкілдері радикалды қадамға бармайтынын, бірақ қоғамның саяси өміріндегі өткір мәселелерді айтуда қалыс қалмайтындарын жеткізді.

- Бұл ешқандай бір радикалды мәлімдемелер көтеретін, көшеге шақыратын, заңсыздықты меңзейтін қауымдастық емес. Ең алдымен, бұл балама ой, халықтың көзін ашу, ағартушылықпен айналысу, саяси алаңда балама пікірлердің сыни-пікірдің әсіресе, қабылданып отырған халыққа қарсы, демократияға қарсы заңдарға нақты, әділ сауатты бағасын беретін топ, интеллектуалдық жиын болмақ,- дейді саясаткер Әміржан Қосанов.

Сәуір айының басында Брюссельде "Жаңа Қазақстан" атты форум өтіп, оған қазақстандық бірқатар саясаткерлер, белсенділермен қатар 1994-1997 жылдары елдің премьер-министрі болған Әкежан Қажыгелдин де қатысқан еді. Ұйым әзірге, тіркеуден өтпеген.

XS
SM
MD
LG