Accessibility links

Сочиде Путин Асадпен кездесті


Ресей президенті Владимир Путин және Сирия басшысы Башар Асад
Ресей президенті Владимир Путин және Сирия басшысы Башар Асад

Ресей президенті Владимир Путин мен Сирия басшысы Башар Асад бейсенбі күні Сочиде келіссөздер жүргізді. Ресей президентінің баспасөз хатшысы міндетін атқарушы Дмитрий Песковтың айтунынша, кездесу барысында екі ел басшылары "саяси реттеуді жаңғырту үшін қосымша жағдай жасау қажеттігін" атап көрсеткен.

Песковтың сөзінше, Путин “Асадты террористік құрылымдармен күресте үкімет күшінің елеулі табыстарға жетуімен құттықтаған”.

Ресей Сириядағы жеті жылға жалғасқан азаматтық соғыс барысында Асадтың басты одақтасы болған. Мәскеу 2015 жылы Асад күштерін қолдап, әуе кампаниясын бастаған, соның арқасында қақтығыс аймағындағы жағдай Асадтың мүддесіне қарай өзгерген. Бұған дейін Асад 2017 жылы қараша айында және 2015 жылы қазан айында Ресейге барып, Владимир Путинмен кездескен.

XS
SM
MD
LG