Accessibility links

ЦРУ-ды тұңғыш рет әйел басқаратын болды


ЦРУ жетекшісі Джина Хаспел
ЦРУ жетекшісі Джина Хаспел

АҚШ сенаты Джина Хаспелді ЦРУ жетекшісі етіп тағайындады. Сенатта оның кандидатурасы талқыланған кезде кейбір сенат өкілдері оның терроризм күдігіне ілінгендерді азаптауға қатысы бар деп айыптаған болатын. Алайда дауыс беру кезінде қолдағандар саны басым түсіп, кандидатурасы мақұлданған.

Джина Хаспел ЦРУ-ді басқаратын тұңғыш әйел. Ол 33 жыл бойы орталық барлау қызметінде жұмыс істеген. Бұған дейін директордың міндетін атқарған.

Хаспел көбіне құпия қызметкер болды. 2002 жылы ЦРУ-дің Тайландтағы жасырын түрмеде жүргізген тергеу видео жазбасын үш жылдан кейін жойып тастауды бұйырған.

Оның кандидатурасын АҚШ президенті Дональд Трамп ұсынған. Джин Хаспел АҚШ мемлекеттік департаментін басқарған ЦРУ жетекшісі Майк Помпеоның орнын басады.

XS
SM
MD
LG