Accessibility links

17 жастағы ресейлік теннисші Тимофей Скатов Қазақстан азаматтығын алып, алдағы жарыстарға осы елдің атынан қатысады. Халықаралық теннис федерациясының (ITF) ресми сайтында спортшы Қазақстан азаматы деп көрсетілген.

Бұл ақпаратты Ресей теннис федерациясының президенті Шамиль Тарпищев "Чемпионат" сайтына берген сұхбатында растаған.

Қазір Скатов жасөспірімдер арасындағы ITF рейтингінде 5-орында тұр. Ол 28 мамырда Парижде басталатын Roland Garros теннис турниріне Қазақстан атынан қатысады.

Оқи отырыңыз: Жанкүйерлер "легионер" олимпиадашыларды бөтенсиді

Бұған дейін ресейлік теннисшілер Юлия Путинцева, Ярослава Шведова, Михаил Кукушкин, Александр Бублик, Андрей Голубев Қазақстан азаматтығын алған.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00
XS
SM
MD
LG