Accessibility links

Дерипаска "Русал" мен En+ компаниялары директорлар кеңесінен шығады


Олег Дерипаска.
Олег Дерипаска.

Ресейлік кәсіпкер Олег Дерипаска "Русал" және En+ компанияларының директорлар кеңесі құрамынан шығады. Оның орнын En+ компаниясының тәуелсіз директоры басатыны туралы апқарат компания сайтында жарияланды.

Мұндай шешім АҚШ қаржы министрлігі компанияға салған санкциясын алып тастауы үшін қабылданып отыр. Бұған дейін Дерипаска En+ компаниясындағы үлесін 50 пайыздан төмен мөлшерге азайтуға және директорлар кеңесінің төрағасы қызметінен кетуге келіскен.


Биыл сәуірдің 6-сы күні АҚШ қаржы министрлігі ресейлік 38 бизнесмен мен компанияларға қарсы санкция салған. Бұл шектеулер АҚШ Конгресі өткен жылы қабылдаған «Американың дұшпандарына қарсы тұру туралы» заңға сәйкес енгізілген болатын. Санкция тізіміне Олег Дерипаска мен оның иелігіндегі "Русал" және En+ компаниялары іліккен. АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин егер Дерипасканың компаниядағы үлесі 50 пайыздан аз болса, онда АҚШ "Русал" компаниясына салынған санкциясын алып тастауға әзір деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG