Accessibility links

Назарбаев Куба басшысына жеделхатпен көңіл айтты


Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары. Гавана, 18 мамыр 2018 жыл.
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың туыстары. Гавана, 18 мамыр 2018 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Куба басшысы Мигель Марио Диас-Канельге Гавана маңында құлаған жолаушылар ұшағы апатынан ондаған адамның қаза болуына байланысты көңіл айтып жеделхат жолдаған. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Назарбаев көп адамның қазасына себеп болған ұшақ апаты туралы хабарды күйзеле қабылдағанын айтқан. Ол "апат құрбандарының туыс-жақындарына және барша Куба халқына қайғысына ортақтасып Қазақстан халқы мен өз атынан көңіл айтып, зардап шеккендерге тезірек сауығып кетулеріне тілектес екенін білдірген" делінген ресми ақпаратта.


Мамырдың 18-і күні Гавана әуежайынан елдің шығысындағы Ольгин қаласына ұшып шыққан Куба мемлекеттік әуе компаниясының Boeing 737 ұшағы әуеге көтеріле салысымен көп ұзамай жерге құлаған.

Ресми орындары ұшақ апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы әзірге еш мәлімет берген жоқ.

Ақпарат агенттіктерінің дерегінше, апатқа ұшыраған ұшақта жүзден астам адам болған. Куба басылымдары ұшақтағы үш адамның тірі қалған, ауруханаға жеткізілген олардың жағдайы өте ауыр деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG