Accessibility links

АҚШ билігі: Венесуэла президентінің есірткі саудасына қатысы бар


Венесуэла президенті Николас Мадуро.
Венесуэла президенті Николас Мадуро.

АҚШ билігі Венесуэла президенті Николас Мадуроны және оның Біртұтас социалистік партия басшылығындағы орынбасары Диосдадо Кабеллоны "есірткі саудасынан түскен ақшаны алған" деп айыптады. АҚШ қаржы министрлігі жариялаған мәлімдемеде Кабеллоның "есірткі саудагерлерінен шағын көлемде тәркіленген есірткілерді жиып, олардың ірі партиясын Венесуэла мемлекеттік әуежайы арқылы шетелге шығарғаны" айтылған.

"Кабелло президент Мадуро және өзге де тұлғалармен бірге есірткі сатудан түскен кірісті бөліскен" делінген мәлімдемеде.


Бұл туралы хабарлаған Reuters агенттігінің дерегінше, есірткі саудасынан түскен ақша Коста-Рика мен Ресей арқылы заңды айналымға шығарылған.

АҚШ қаржы министрлігі Кабеллоға, оның әйелі мен бауырына қарсы санкция енгізген. Олар есірткі саудасына қоса "бопсалау" (рэкет) айыбына іліккен.

Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Диосдадо Кабелло АҚШ таққан айыптауларға байланысты әзірге пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG