Accessibility links

Германия министрі: "Ең әуелі – Америка" саясаты жауапқа кезігеді


Германия экономика министрі Петер Альтмайер.
Германия экономика министрі Петер Альтмайер.

Германия экономика министрі Петер Альтмайер АҚШ-тың "Ең әуелі – Америка" саясаты еуропалық одақтастары тарапынан дәл сондай жауапқа кезігіп, олар да бірінші кезекке өз мүдделерін шығаруы мүмкін деп ескертті. Бұл туралы ол мамырдың 18-і күні Берлинде ARD телеарнасына берген сұхбатында айтқан. Министрдің сөзінше, АҚШ тарапының қарсылығына қарамастан, Германия Ресеймен бірлескен "Солтүстік ағын -2" газ құбыры жобасы бойынша жұмыстарды жалғастыра бермек.

"Егер АҚШ экономикалық мүдделерін басқаларынан жоғары қоятын болса, онда Еуропаның да өз мүдделерін айқындап, солар үшін күресетінін білуі тиіс", - деген Альтмайер.

Германия канцлері Ангела Меркель тәрізді Альтмайер де аталған газ құбыры жобасы Германия экономикасы үшін аса маңызды деп біледі.


Министр Альмайер Вашингтонды америкалық компаниялар Еуропа базарына сұйытылған табиғи газды көбірек сатуы үшін, Ресейден Балтық теңізі арқылы Германияға газ жеткізуге арналған құбыр жобасына тосқауыл орнатуға тырысты деп айыптады. АҚШ мамырдың 17-і күні осы газ құбыры жобасына қатысты келісімді тежеу үшін санкция қолданатыны туралы ескерткен. Сонымен бірге АҚШ президенті Дональд Трамп Еуропаға сатылатын сұйытылған газ көлемін арттыруға шақырып, "бұл еуропалықтардың Ресей газына тәуелділігін азайтуға көмектеседі" деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG