Accessibility links

Ташкентте құқық қорғаушы Уәсила Иноятова қайтыс болды


Өзбекстандық құқық қорғаушы Уәсила Иноятова.
Өзбекстандық құқық қорғаушы Уәсила Иноятова.

Өзбекстанда саяси тұтқындарға жәрдемдесіп, елде тұрғындарды мәжбүрлі жұмысқа жегуін сынаған белгілі құқық қорғаушы Уәсила Иноятова Ташкент қаласында дүниеден өтті. Азаттықтың Өзбек қызметі дереккөздерінің хабарлауынша, 62 жастағы Уәсила Иноятова ауруханада операция үстінде қайтыс болған.

Өзбекстандық "Эзгулик" ("Ізгілік") құқық қорғау ұйымын басқарған Уәсила Иноятова мақта терімі кезінде тұрғындарды мәжбүрлі жұмысқа жегуге және 2016 жылы қыркүйекте қайтыс болған Өзбекстанның тұңғыш президент Ислам Каримовтің авторитарлық билігі тұсында билік орындарының азаматтарды азаптауына қарсы күрескен.


Соңғы жылдары Иноятова саяси тұтқындардың, оппозициялық белсенділер мен тәуелсіз журналистердің құққықтарын қорғап, түрмедегі тұтқындармен кездесіп, оларға құқықтық және қаржылай көмек көрсетумен айналысты. Халықаралық адам құқығын қорғаушы топтар Өзбекстандағы жағдайды Иноятовадан біліп отырды.

"Уәсила жапа шеккендерді қорғаушы нағыз күрескер еді, енді оның жоқтығы қатты білінетін болды", - деп жазды мамырдың 19-ы күні Twitter әлеуметтік желісіне Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымының Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердлоу.

XS
SM
MD
LG