Accessibility links

Куба билігі ұшақ апатынан 110 адам мерт болғанын айтты


Әуеден құлаған жолаушылар ұшағының қалдықтарын зерттеп жүрген адамдар. Куба, 18 мамыр 2018 жыл.
Әуеден құлаған жолаушылар ұшағының қалдықтарын зерттеп жүрген адамдар. Куба, 18 мамыр 2018 жыл.

Куба өкіметі жұма күні Гавана әуежайынан ұшып шыққан соң көп ұзамай жерге құлаған Boeing 737 жолаушылар ұшағы апатынан қаза болғандардың санын нақтылады.

Куба көлік министрлігінің дерегінше, ұшақ апатынан 110 адам қаза болған, олардың арасында ұшақ экипажында істеген алты мексикалық және тағы бес шетелдік бар. Сондай-ақ, осы ұшақпен Гаванадағы конференциядан Ольгин қаласына қайтып бара жатқан 20 шақты протестант шіркеуінің діни қызметкерлері де мерт болған.


Ұшақта болған 113 адамның үшеуі апаттан кейін тірі қалған. Қазір олар ауруханада өте ауыр халде жатыр деп хабарланды.

Әзірше апаттың себебі белгісіз. Сенбі күні ұшақтың "қара жәшігі" табылған.

Кубада соңғы отыз жыл көлеміндегі ең ірі ұшақ апатына байланысты мамырдың 19-ы күні үш күндік аза тұту жарияланған.

XS
SM
MD
LG