Accessibility links

Вашингтон мен Сеул Пхеньянның саммитке қатысуын қалайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео (оң жақта) Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен кездесіп отыр. Пхеньян, 9 мамыр 2018 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Оңтсүтік Корея президенті Мун Чжэ Ин телефонмен сөйлесіп, алдағы айда Трамп пен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынның қатысуымен Сингапурде өтеді деп жоспарланған саммитке қатысты мәселелерді талқылаған. Екі ел басшылары Солтүстік Кореяның саммитке қатысуын қалай қамтамасыз ету жайын кеңескен. Мұндай қажеттілік жақында Пхеньян Сеулмен жоғары деңгейдегі келіссөзден шығатынын мәлімдеп сес көрсеткеннен кейін туындаған.


Оңтүстік Корея президенті кеңсесінің хабарлауынша, Мун Чжэ Ин мен Трамп телефонмен 20 минут сөйлесіп, Солтүстік Кореяның соңғы іс-әрекетін талқылаған.

"Екі лидер маусымның 12-іне белгіленген Солтүстік Корея – АҚШ саммиті сәтті өтуі үшін тығыз әрі табандылықпен жұмыс істейтін болады", - делінген мәлімдемеде.

Сингапурдегі саммитке дейін АҚШ пен Оңтүстік Корея президенттері Вашингтонда кездеспекші.

Биыл сәуірдің соңына таман Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея басшыларының тарихи кездесуі екі арадағы ұзақ уақыттан бергі сірескен тоң жібіп, бейбіт бітім орнауына жол ашады деген үмітті оятқанымен, соңғы күндері Пхеньян өзінің ұстанымын күрт өзгерткен. Сеулмен келіссөз жүргізетін Солтүстік Кореяның өкілі Ри Сон Гвон бейсенбі күні АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен жаттығу өткізулеріне байланысты Пхеньянның Сеулмен келіссөзге қатыспайтыны туралы мәлімдеген. Ол сонымен бірге Пхеньянның АҚШ-пен жоғары деңгейдегі кездесуден де бас тартуы мүмкін екенін айтқан.

AzattyqTV

AzatNews 14.12.2018
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:14:50 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG