Accessibility links

Сочиде Путин мен Моди кездеседі


Ресей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин

Мамырдың 21-і күні Үндістанның премер-министрі Нарендра Моди және Ресей президенті Владимир Путин Сочиде кездеседі. Кремльдің хабарлауынша, Моди мен Путин екі ел арасында дамып келе жатқан “айрықша стратегиялық қарым-қатынастың маңызды мәселелерін” талқылайды.

Үндістанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, “бұл халықаралық мәселелердің ауқымды және ұзақ мерзімді жағдайын өзара талқылап, айрықша стратегиялық әріптестікті әрі қарай да нығайта беру бойынша екі ел басшысы үшін маңызды оқиға болады”.

Келіссөздің күн тәртібінде сонымен бірге "ұлттық даму артықшылықтары мен екі жақты мәселелерді" талқылау да жоспарланған.

Бұл келіссөз Владимир Путин инаугурациясынан кейін екі апта өткеннен кейін жоспарланып отыр. Сарапшылар пікірінше, Ресейдің Украинаға агрессиялық саясаты, Сириядағы жеті жылдық азаматтық соғыстағы рөлі мен АҚШ сайлауына араласуы, Ұлыбританиядағы бұрынғы ресейлік тыңшының улануы жағдайлары тұсында Мәскеу мен батыс арасындағы жағдай нашарлап кеткен.

XS
SM
MD
LG