Accessibility links

Полиция Астанада зейнеткерді ұстады


Астана тұрғыны Ибрагим Қозыбаев наразылық плакатын ұстап тұр. 21 мамыр 2018 жыл
Астана тұрғыны Ибрагим Қозыбаев наразылық плакатын ұстап тұр. 21 мамыр 2018 жыл

Бүгін таңертең Астана қаласындағы журналистер үйі ғимаратының алдында бір адамдық пикет өткізбек болған 74 жастағы зейнеткер Ибрагим Қозыбаевты он шақты полиция мен омон солдаттары ұстап әкеткен. Бұл турасында Азаттықтың Астанадағы тілшісі Мәди Бекмағанбет хабарлады.

Наразылық шарасы алдында Азаттыққа келіп, мәселесіне шағымданған тұрғын екі жылдан бері салығын төлей алмағандықтан жеке көлігін мемлекеттік тіркеуден шығара алмай жүргенін айтқан. Салығы өсіп кеткендіктен жергілікті сот "зейнеткерден еркінен тыс ақша өндіріп алу" туралы сот шешімін шығарып, осылайша тұрғын ай сайынғы 38 мың теңге зейнетақысынан қағылған.

- Астана қалалық жол полициясы басқармасы, сот және өзге де құзырлы органдардан көлігімді тіркеуден шығарып беруін сұраймын. Салықтарды төлеп біткенше оны тіркеуден шығара алмаймын, оның үстіне жыл сайын салықтар қосылып жатыр. Салығымның қарызы шамамен 200 мың теңге, - деді Ибрагим Қозыбаев Азаттық тілшісіне.

Ақорда ғимаратының маңында зейнеткерді ұстаған полиция өкілдерінен Азаттық тілшісі "не үшін ұстап жатсыздар?" деп сұрап еді, "барлық сұрақтарды Астана ішкі істер департаментіне қойыңыздар" деп жауап берген. Тұрғынды автобусқа отырғызып, алып кеткен.


XS
SM
MD
LG